Accessibility links

Сот Мүсілім Өміраев ісін қосымша тергеуге жібермеді


Астана қалалық соты ғимараты. (Көрнекі сурет)

Астана қалалық соты ғимараты. (Көрнекі сурет)

Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты бұрынғы ауылшаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраевтің ісін қосымша тергеуге жіберуден бас тартты деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы өтінішті Өміраевтің адвокаты Владимир Русин берген.

Мүсілім Өміраевті полиция былтыр 21 желтоқсан күні "жеке кәсіпкерден тендерді жеңіп алуға көмектесу үшін 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған" деген күдікпен ұстаған еді. Ұсталған күні оның үстінен "аса ірі көлемде пара алу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

2 қыркүйекте басталған сот отырысында Өміраев өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеген.

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өзінің орынбасары болып істеген Мүсілім Өміраев ұсталғаннан кейін "егер оның кінәлі екені сотта дәлелденсе отставкаға кететінін" айтқан еді.

XS
SM
MD
LG