Accessibility links

WTA Rising Stars турниріне Зарина Дияс қатысады


WTA Rising Stars жобасында жеңіске жеткен төрт спортшы. WTA ресми сайтынан скриншот.
WTA Rising Stars жобасында жеңіске жеткен төрт спортшы. WTA ресми сайтынан скриншот.

Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Сингапурде өтетін WTA Rising Stars турниріне жолдама алды. Бұл туралы ақпарат WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) ресми сайтында жарияланды.

Әлем жанкүйерлері арасында жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша Азия-Тынық мұхит аймағынан қытайлық Чжэн Сайсай (17.72%) мен Зарина Дияс (15.74%) өткен. Ал әлем бойынша ең көп дауысты Пуэрто-Рика теннисшісі Моника Пуч (20,65 %) пен АҚШ теннисшісі Шелби Роджерс (16,47 %) жинаған. Осы төрт спортшы енді Сингапурде жылдың қорытынды турнирі аясында көрсетілім кездесулер (exabition match) өткізеді.

WTA дерегінше, дауыс беру науқанына әлемнің 140 елінен 346 мың 91 жанкүйер қатысқан. Олардан 692 мың 182 дауыс келіп түскен. Ереже бойынша, бір жанкүйердің екі спортшыға қатар дауыс беру мүмкіндігі бар.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс әлемдік рейтингте 37-орында тұр. Қазір ол Жапония ашық чемпионатына қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG