Accessibility links

Приозерскідегі Ресей әскері жаттығу өткізді


Ресей әскери тікұшақтары. (Көрнекі сурет)

Ресей әскери тікұшақтары. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның Приозерск кентінде орналасқан Ресей әскери-әуе күштері мен әуе қорғаныс күштері екінші қолбасшылығының тікұшақ эскадрильясы "Камбала" аэродромында десант күштерін түсіруге машықтанды. Бұл туралы бүгін Ресей орталық әскери округінің штабына сілтеме жасап "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Әскери округ күштері қолбасшысының көмекшісі Ярослав Рощупкиннің айтуынша, жазғы тактикалық дайындық жаттығуында эскадрилья ұшқыштары жоғары әскери дайындық деңгейіне келтірілген. Ми-8 тікұшақтары экипажы тиісті ауданға жедел ұшып барып, тікұшақтар онда құрлықтағы күштерді авиациялық қолдау көрсету маневрлерін жасаған. Оның сөзінше, "Камбала" аэродромы аумағында авиация күштері әуе іздеу-шабуыл жасау тобының сарбаздарынан десант түсіріп машықтанған.

"Камбала" аэродромы Приозерск қаласынан батысқа 15 километр қашықтықта орналасқан.

XS
SM
MD
LG