Accessibility links

Қазақстанда православие әулиесінің 700 жылдығын тойлады


Алматы түбіндегі Сергий Радонежский атындағы діни мекемеде болған құлшылық. 8 қазан 2014 жыл
Алматы түбіндегі Сергий Радонежский атындағы діни мекемеде болған құлшылық. 8 қазан 2014 жыл

8 қазан күні Алматы облысындағы Іле ауданының Түймебаев ауылындағы бұрынғы Софроний әкейдің жетім-жесірлерді паналату орнында, орыс православие шіркеуінің әулиесі Сергий Радонежскийдің 700 жылдығын атап өтті. Қазір бұл орын "Солнышко" балалар үйі деп аталады. Мекеменің әулие аты қойылған ғибадатханасында Радонежскийдің тәбәрік заттары әкелінгесін Қаскелең мен Алматы облысының епископы арнайы рәсім жасады.

Осы мекеме территориясындағы Қарттар үйінде діндарлар мен діни қызметкерлер ас ішті. Қонақтардың арасында жергілікті билік пен Ресей елшілігінің де өкілдері болды.

«Солнышко» балалар үйінде әулие Сергий Радонежскийдің өмірі туралы спектакль қойылды.

Бұл паналау орнындағы Қарттар үйінде 80 қария, ал балалар үйінде 70 бала қарауға алынған. Сергий Радонежский 14-ғасырда өмір сүрген, Мәскеу түбіндегі Троицк монастырінің іргесін қалаушы. Орыс православие шіркеуі оны әулие деп таниды.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG