Accessibility links

IREX Әзербайжандағы қызметін тоқтатады


IREX ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

IREX ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың IREX үкіметтік емес ұйымы Әзербайжандағы жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Мұндай шешім ұйымның Әзербайжандағы бөлімі үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан кейін қабылданған. Әзербайжан билігі ұйымның Бакудегі кеңсесіне тінту жүргізіп, компьютерлер мен құжаттарын тәркілеген еді.

IREX-тің хабарлауынша, бірнеше жергілікті және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға қарсы басталған "қылмыстық тергеуге" байланысты ұйымның Әзербайжандағы банктік есепшоттары шілдеден бері бұғауда тұр.

Ұйым қызметін тоқтататыны туралы мәлімдемесінде бұл тергеуге қатысты Әзербайжан билігімен "ынтымақтастығын" жалғастыра беретінін білдірген.

IREX - әлемнің 125 мемлекетінде қызмет істейтін, демократиялық реформаларды алға жылжыту үшін құрылған ұйым. Ол Әзербайжанда 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

XS
SM
MD
LG