Accessibility links

Түркияда қақтығыстардан 21 адам мерт болды


Түркиядағы шеруге шыққан күрдтер. Стамбул, 7 қазан 2014 жыл.

Түркиядағы шеруге шыққан күрдтер. Стамбул, 7 қазан 2014 жыл.

Түркиядағы жергілікті күрдтер үкімет әскерінің "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларынан Сириядағы Кобани қаласын қорғамағанына наразы.

Содырлар қоршауында қалған қалада негізінен сириялық күрдтер тұрады. Шерулерді Түркия полициясы таратуға тырысып, көз ашытатын газ бен су шашқан. Полициямен болған қақтығыстардан 21 адам мерт болды.

Наразылық шаралары елдің оңтүстік-шығысындағы Стамбул мен Анкара қалаларында болып жатыр.

8 қазан күні АҚШ әскери-әуе күштері "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына шабуыл жасап, Кобани қаласын қорғап тұрған күрд жасақтарының қала маңындағы позицияларын нығайта түскен. Бірақ түркиялық күрдтер тек әуе шабуылымен көмектесу жеткіліксіз деп санайды.

Билік елдің күрдтер көп тұратын бес провинциясында коменданттық сағат жариялады. 1990-жылдардан бері Түркияда коменданттық сағат енгізілмеген еді.

Қаза тапқандардың кем дегенде 10-ы Түркияның оңтүстік-шығысындағы күрдтердің ең ірі Диярбакыр қаласындағы қақтығыстарда мерт болған. Стамбулдағы қақтығыстарда 30 адам, оның ішінде сегіз полицей жараланған.

Кобани қаласындағы ұрыстарға қатысты тәртіпсіздіктер күрдтер мен түріктер тұратын басқа елдерде де болды. Германия полициясы күрдтер мен радикалды исламшылдар арасында болған қақтығыстан 14 адам жараланғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG