Accessibility links

Астанада шетел қазақтары өнер фестивалі өтіп жатыр


Бүгін, 9 қазан күні Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде шетел қазақтарының өнер фестивалі басталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, фестивальге 20-ға жуық мемлекеттен 90-нан астам суретші, әнші-жыршылар мен ақындар келген. Фестиваль барысында шетел қазақтарының сурет көрмесі, ақындар мен жыршылардың мүшәйрасы өтеді.

Фестивальге Қытай, Иран, Моңғолия, Еуропа қазақтары келген. Шетел қазақтарының өнер фестивалі алғаш рет 2012 жылы өткен.

XS
SM
MD
LG