Accessibility links

Қазақстан-ЕО шартының келіссөздері аяқталып келеді


Еуропа Одағының туы, Страсбург. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағының туы, Страсбург. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) мен Қазақстан бүгін Брюссельде тығыз экономикалық және саяси байланыстар орнату туралы келісімге қатысты келіссөздерді аяқтамақ.

Төрт жылға жуық уақыт қаралған, 280 беттік Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім жөніндегі келіссөздер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгияға сапары кезінде аяқталады.

ЕО Қазақстанды Орталық Азиядағы экономикасы үлкен әрі Кеден Одағы мен келесі жылы құрылатын Еуразия экономикалық одағындағы Ресейдің басты серігі ретінде қарап, бұл елмен ынтымақтастық күшейтуге ұмтылады.

Келісім мәтіні алдағы айларда бекітіліп, келесі жылы оған қол қойылады деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG