Accessibility links

Түркия: Сирияда өз бетімізше операция жүргізбейміз


Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу (оң жақта) мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Анкара, 9 қазан 2014 жыл.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу (оң жақта) мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Анкара, 9 қазан 2014 жыл.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу "Анкараның Сирияның солтүстігіндегі "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы өз бетінше әскери операция жүргізбейтінін" мәлімдеді. Бұл жайында ол Анкарада, НАТО-ның жаңа бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесуі кезінде айтқан.

НАТО мен АҚШ Түркияны Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы әскери операцияларға араласуға шақырып отыр.

Чавушоглу Анкараның "АҚШ-тың Кобани (Сирияның Түркиямен шекаралас қаласы - ред.) қаласын қоршауға алған содырларға қарсы әуе шабуылын қолдайтынын" білдірді. Бірақ ол тек әуе шабуылы ғана содырларға тойтарыс бере алмайтынын айтып, оларға қарсы басқа да қимылдар, оның ішінде жаяу әскерді күшейту керек екенін жеткізді.

Чавушоглу Анкара Сирияның солтүстігіндегі Түркиямен шекаралас территорияда "қауіпсіз және және ұшуға тыйым салынған аймақ" құру ұсынысын айтты.

"Ислам мемлекетінің" содырлары қыркүйектің ортасынан бері Кобани қаласын қоршауға алып, қаланы қоршап тұрған күрд жасақтарымен шайқасып жатыр. Соңғы деректер бойынша, содырлар қаланың кейбір аудандарын басып ала бастаған. Ал Түркияда жергілікті күрдтер үкіметтен Кобани қаласын қорғауға көмектесуді талап етіп, бірнеше күннен бері наразылық шерулерін өткізді.

XS
SM
MD
LG