Accessibility links

Назарбаев Беларуське барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Брюссель, 9 қазан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Брюссель, 9 қазан 2014 жыл.

10 қазан күні Ақорданың баспасөз қызметі "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Беларуське барды" деп хабарлады.

Назарбаев Минскіде ТМД елдері басшылары кеңесінің, Еуразия экономикалық қауымдастығы мемлекетаралық кеңесінің және Еуразия экономикалық жоғарғы кеңесінің мемлекет басшылары отырыстарына қатысады.

Нұрсұлтан Назарбаев 8-9 қазан күндері Брюссельде болып, Бельгия королімен және Еуропа комиссиясының басшыларымен кездескен.

XS
SM
MD
LG