Accessibility links

Әдебиеттен Нобель сыйлығын француз жазушысы алды


Әдебиеттен Нобель сыйлығын алған Француз жазушысы Патрик Модиано. Париж, 9 қазан 2014 жыл.

Әдебиеттен Нобель сыйлығын алған Француз жазушысы Патрик Модиано. Париж, 9 қазан 2014 жыл.

Әдебиеттен биылғы жылдың Нобель сыйлығы Француз жазушысы Патрик Модианоға берілді. Швед академиясының мәлімдеуінше, 1 миллион 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай жүлдесі бар сыйлық жазушыға "нацистік басқыншылық кезіндегі адамдардың жантүршігерлік тағдырларын баяндағаны үшін" табыс етілген.

69 жастағы Модиано Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан екі ай өткенде Париж маңында дүниеге келген. Оның әкесі - еврей, шешесі - бельгиялық актриса. Олар нацистер басып алған Парижде танысқан.

Франция президенті Франсуа Олланд "сыйлық - адам тағдырының күрделі екенін, адамзат жадында сақталған дүниелердің нәзік екенін мойындау" деп атады.

Франция - жазушылары әдебиет саласында ең көп Нобель сыйлығын алған ел. Нобель сыйлығы осымен 15-француз жазушысына беріліп отыр.

XS
SM
MD
LG