Accessibility links

СССР-дің соңғы басшысы Горбачев ауруханаға түсті


СССР-дің соңғы басшысы Михаил Горбачев.
СССР-дің соңғы басшысы Михаил Горбачев.

Ресейлік ақпарат құралдары СССР-дің соңғы басшысы Михаил Горбачевтің ауруханаға түскенін хабарлап жатыр.

"РИА Новости" агенттігі 9 қазан күні "Горбачевтің денсаулық жағдайын нашарлағанын" хабарлаған. Бірақ агенттік оның қандай сырқатпен қай ауруханаға түскенін айтпаған. Ал "Русская служба новостей" агенттігіне Горбачев "бұрынғы ауруы қозғанын, қазір дәрігерлер бақылауында жатқанын" айтқан.

83 жастағы Горбачев СССР-ді 1985 жылдан 1991 жылға дейін, әуелі коммунистік партияның бірінші хатшысы, кейін СССР-дің алғашқы және соңғы президенті ретінде басқарды. Ол СССР-де "жариялылық", "қайта құру" деп аталып кеткен саяси және экономикалық реформалар жүргізді. Горбачевке 1991 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілді.

БАҚ дерегінше, Горбачев көп жылдар бойы диабеттің ауыр түрімен науқастанып, соңғы жылдары бірнеше рет операция жасатқан.

XS
SM
MD
LG