Accessibility links

Тәжікстан оппозиция тобын "экстремист" деп таныды


Тәжікстанның жоғарғы соты қуғындағы оппозиция жетекшісі, бизнесмен Умарали Кубатовтың оппозициялық "Group 24" тобын "экстремистік" деп танып, қызметіне тыйым салды.

"Group 24" тобы бұған дейін интернетте Душанбеде үкіметке қарсы шеруге шығуға (10 қазан күні - ред.) үндеулер жариялаған еді. Бұдан соң Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода бұл топты "қылмыскерлер" деп атаған.

Жоғарғы сот судьясы Саломат Хакимованың 9 қазан күні шығарған шешімінде "топтың Тәжікстандағы қызметіне, вебсайты мен баспа өнімдеріне де тыйым салынғаны" айтылады.

Тәжікстандық ақпарат құралдары елде 5 қазаннан бері жүздеген вебсайттың, оның ішінде Facebook пен Youtube-тің ашылмай тұрғанын "Group 24" тобының үкіметке қарсы шеруге шақырғанымен байланыстырады.

Тәжікстанның коммуникациялар агенттігі "сайттардың бұғаулануына өздерінің қатысы жоғын" айтады.

XS
SM
MD
LG