Accessibility links

Тәжікстанда бүгін - оппозиция үкіметке қарсы шеруге шақырған күні SMS хабарлама тарату қызметі істемей қалды.

Мемлекеттік телекоммуникация агенттігінің Азаттыққа айтуынша, SMS қызметі "белгісіз техникалық ақаулардан" тоқтап қалған. Бірақ ұялы байланыс операторлары хабарлама тарату қызметі телекоммуникация агенттігінің нұсқауымен тоқтатылғанын айтады.

Тәжікстанда қазанның 5-інен бері жүздеген вебсайт, оның ішінде Facebook, Youtube және ресейлік танымал әлеуметтік желілер ашылмай тұр.

Вебсайттар қуғындағы оппозиция жетекшісі, бизнесмен Умарали Кубатовтың "Group 24" тобы әлеуметтік желілер арқылы жұртты Душанбеде үкіметке қарсы шеруге шығуға (10 қазанға - ред.) шақырғаннан соң бұғаулана бастаған.

Тәжікстанның жоғарғы соты 9 қазан күні "Group 24" тобын "экстремист" деп танып, қызметіне тыйым салды. Ал бүгін бас прокуратура "Group 24"-тен шығып кеткен топ мүшелеріне рақымшылық жарияланатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG