Accessibility links

Футбол: Қазақстан Нидерландтан ұтылды


Қазақстан футбол жанкүйері. (Көрнекі сурет)

Қазақстан футбол жанкүйері. (Көрнекі сурет)

2016 жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Нидерланд құрамалары ойнады. Бұл ойында Қазақстан футбол командасы 1-3 есебімен жеңіліп қалды.

Алайда есепті қазақстандық футболшылар ашқан еді. Алғашқы голды Ренат Абдуллин соқты. Бірақ Қазақстан құрамасы 1-таймдағы жеңісін ұстап қала алмады.

2-таймда Нидерланд футболшылары Хунтелаар, Афеллай және Ван Перси гол салды.

13 қазан күні Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана-Арена» стадионында Чехия футбол командасымен ойнайды.

XS
SM
MD
LG