Accessibility links

Қазақ теннисшісі Зарина Дияс финалға шықты


Қазақ теннисшісі Зарина Дияс.
Қазақ теннисшісі Зарина Дияс.

Қазақстан теннисшісі, 20 жастағы Зарина Дияс Жапония ашық чемпионатының финалына шықты.

Ол жартылай финалда таиландық Луксика Кумхумды екі сетте ойсырата ұтты - 6:2, 7:5.

Зарина Дияс 12 қазан күні финалда Зарина Дияс финалда австралиялық теннисші Саманта Стосурмен кездеседі. Ол 2013 жылы осы Жапония ашық чемпионатында жеңіске жеткен еді.

Бұл - Зарина Диястың WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) турнирлеріндегі алғашқы финалы. Ол бұған дейін ITF (Халықаралық теннис федерациясы) турнирлерінің финалында ойнаған.

Қазақстан теннисшісі Жапония ашық чемпионатының финалына шыққан үшін әлемдік рейтингтегі есебіне 180 ұпай қосып, 21 мың 400 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алды. Егер ол финалда жеңіске жетсе ұпайы мен сыйақысы тағы да өседі.

Зарина Дияс дүйсенбі, 13 қазан күні жарияланатын әлемдік рейтингте 34 не 35-орынға көтеріледі.

XS
SM
MD
LG