Accessibility links

Бішкек Лондоннан Бакиевтің ұлын қайта сұратты


Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев Лондон сотынан шығып келеді. 7 желтоқсан 2012 жыл.

Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев Лондон сотынан шығып келеді. 7 желтоқсан 2012 жыл.

Қырғызстан Ұлыбританиядан бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлын экстрадициялауды сұрады.

Қырғызстан соты бұрынғы президенттің баласы Максим Бакиевті "жемқор" деп айыптап, сырттай 25 жылға соттаған еді.

Қырғызстан ақпарат құралдары Максим Бакиевтің экстрадициясы туралы мәселе осы елдің бас прокуроры Аида Салянова мен Ұлыбритания әділет министрі Эдвардом Фолкстің 10 қазан күнгі кездесуінде талқыланғанын хабарлады.

Қырғыз соты Максим Бакиев пен оның екі серігіне қарсы қыркүйек айында қаржылық алаяқтық бабымен тағы бір қылмыстық іс ашқан еді.

Оларға Құрманбек Бакиев президент болған жылдары "мемлекеттік әлеуметтік қорлар арқылы ақша жымқырған" деген айып тағылды.

2012 жылы қазан айында Лондонда жүрген Максим Бакиев Қырғызстанның сұрауымен тұтқындалған еді. Алайда Ұлыбритания оны Қырғызстанға бермей, АҚШ сот орындарына тапсырған еді. Ал АҚШ-тағы іс 2013 жылы жабылып қалды.

Құрманбек Бакиев 2010 жылғы қырғыз төңкерісі кезінде елден қашып кеткен. Оның ұлы Максим Бакиев те содан бері Лондонда бой тасалап жүр. Құрманбек Бакиев пен оның отбасының кейбір мүшелері Беларусьте тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG