Accessibility links

Аятолла Хаменеи операциядан соң оңалып келеді


Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің қуық безіне жасалған операциядан бір күннен кейінгі суреті. Тегерен, 9 қыркүйек 2014 жыл.
Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің қуық безіне жасалған операциядан бір күннен кейінгі суреті. Тегерен, 9 қыркүйек 2014 жыл.

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеидің қуық безіне жасалған операциядан кейін тауға шыққан видеосы жарияланды.

Видеода 75 жастағы Иран рухани жетекшісінің Тегеран маңындағы тауда серуендап жүргені көрсетілген. Хаменеи "экскурсия дәрігерлер кеңесімен ұйымдастырылғанын, мұндай жаттығулардың денсаулығын қалпына келтіруге пайдалы" екенін айтқан.

Хаменеидің серуендеуге құмар екені бұрыннан белгілі. Оның қуық безіне операция 8 қыркүйек күні жасалды. Ол операцияға дейін "аса үлкен қауіп жоқ" екенін айтып, азаматтардан оның денсаулығына дұға жасауды өтінген еді.

Иран рухани көсемінің денсаулығы туралы ақпараттар сирек жарияланады. Хаменеидің Ирандағы барлық мемлекеттік істерге билігі жүреді. Ол 1989 жылдан бері Иранның жоғарғы көсемі қызметін атқарып келеді.

XS
SM
MD
LG