Accessibility links

Порошенко: Путинмен келіссөз "күрделі" болады


Украина президенті Украины Петр Порошенко Донецк облысындағы қорғаныс позициясында тұр. 10 қазан 2014 жыл.
Украина президенті Украины Петр Порошенко Донецк облысындағы қорғаныс позициясында тұр. 10 қазан 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко алдағы аптада Ресей президенті Владимир Путинмен Италияда өтеді деп жоспарланған келіссөздер «күрделі» болады деп санайды. Бұл туралы ол сенбі күні Харьков қаласында мәлімдеген.

Порошенко Донбасстағы жағдайды реттеу жөніндегі өзі ұсынған бейбіт жоспарын іске асыруға болатындығына сенімді екендігін айтты деп хабарлады украиналық ақпарат құралдары. Президенттің сөзінше, бейбітшілікке қол жеткізу үшін жанжал аймағында ең әуелі атысты тоқтатып, Ресеймен шекараны жабу керек.

Уркаина президенті алдағы кездесуде Киев пен Мәскеу арасындағы энергетика саласына қатысты келіспеушіліктерді реттеу мәселесіне қатысты да үміт білдірген. «Украинаға алдағы қыста газсыз қалу қаупі жоқ екендігіне жеке өз басым күмән келтірмеймін» деген ол.

16-17 қазанда Милан қаласында өтетін Еуро-Азиаттық саммитке Германия канцлері, Италия мен Ұлыбритания үкіметтерінің жетекшілері, Еуропа Одағының лидерлері қатыспақ. Саммит аясында саясаткерлер көпжақты кездесулер өткізбек. Сонымен бірге, Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының қатысуымен келіссөздер өткізу жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG