Accessibility links

Путин Ростов облысынан әскерді қайтаруды бұйырды


Ростов облысында «жаттығуларда» жүрген әскери техника. Ресей, тамыз, 2014 жыл.

Ростов облысында «жаттығуларда» жүрген әскери техника. Ресей, тамыз, 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігіне Ростов облысындағы полигондардан әскери бөлімшелерді тұрақты орналасқан жерлеріне қайтаруға бұйрық берген.

Ресей ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгуға мұндай бұйрықты сенбі күні қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен оперативтік кеңес өткізген соң берген. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әңгіме «жаз мезгілінде Ростов облысындағы полигондарда жаттығудан өткен 18 мыңға жуық әскери қызметшілер» жайында болып отырғанын хабарлады.

Ресейлік баспасөз бұған дейін Ростов облысында әскери бөлімшелер «жаттығулар» өткізіп жатқаны туралы бірнеше рет хабарлаған еді.

Алдағы аптада Италияда басталатын Еуро-Азиаттық саммит аясында Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының қатысуымен келіссөздер өткізу жоспарланған. Миландағы саммитке Германия канцлері, Италия мен Ұлыбритания үкіметтерінің жетекшілері, Еуропа Одағының лидерлері қатыспақшы.

XS
SM
MD
LG