Accessibility links

Алматыға ХОК жетекшісі келді


ХОК президенті Алматыда
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:55 0:00

ВИДЕО: Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах. Алматы, 12 қазан 2014 жыл.

Апта соңында Алматыға арнайы келген халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах қаланың 2022 жылғы олимпиадаға дайындық бағдарламасымен танысып, осындағы спорт нысандарын аралап көрді.

Қазақстанға алғаш рет келген мәртебелі қонақ Шымбұлақ тау шаңғысы базасы, Медеу мұз айдыны, Сұңқар трамплин базасы мен 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы универсиадаға арнайы салынып жатқан мұз айдындарында болды.

Жексенбі күні қазақстандық олимпиада чемпиондары мен Азия ойындарының жеңімпаздарымен өткен кездесуде ХОК жетекшісі Алматының олимпиада өткізуге мүмкіндігін жоғары бағалады.

«Алматы қаласының әкімі, министр және Қазақстан олимпиада комитетінің басшысымен Алматының кандидатурасын талқыладық. Алматының өте маңызды концепциясын көрдік. Қазақстан осыған дейін ірі спорттық жарыстар ұйымдастыруда тәжірибесі бар ел. Сіздерде бұрыннан қалыптасқан қысқы спорттан ерекше дәстүр мен жетістіктер бар. Қазақстан 2017 жылғы қысқы универсиаданы өткізуге дайын. Универсиада өткізу Алматы үшін пайдалы болмақ. Қысқы Азия ойындары мен универсиада өткізудегі тәжірибе Қазақстан үшін олимпиада өткізуге де пайдасын тигізеді. Осындай мол тәжірибелер Алматының кандидатурасын салмақты әрі зор мүмкіндікке ие екенін көрсетеді» деді Бах.

2022 жылғы қысқы олимпиада өткізуге алдымен алты қала ниет білдірген. Бірақ кейін Стокгольм (Швеция), Краков (Польша), Львов (Украина) және Осло (Норвегия) қалалары өтініштерінен бас тартты. Қазір олимпиада өткізуге тек Алматы мен Пекин (Қытай) ғана үміткер.

Алматыда олимпиада өткізу жобасын «әлеуметтік жағдай мен экологияға кері әсер ететін, бюджет қаржысын босқа шашу» деп білетін қоғамдық белсенділердің айтуынша, қазіргі уақытта ол хатқа 500 астам адам қол қойған.

XS
SM
MD
LG