Accessibility links

Бакудегі шеруде Ильхам Әлиевтің отставкаға кетуін талап етті


Әзербайжан оппозициясының наразылық жиыны. Баку, 12 қазан 2014 жыл.

Әзербайжан оппозициясының наразылық жиыны. Баку, 12 қазан 2014 жыл.

Бүгін Бакуде шеру өткізген әзербайжан оппозициясы елде азаматтық белсенділер мен құқыққорғаушыларды қудалауды доғаруды және президент Ильхам Әлиевтің отставкаға кетуін талап етті. Сонымен бірге демонстранттар Әзербайжанның Еуропа Одағымен жақындасуын және елдегі барлық саяси тұтқындарға бостандық берілуін қалайтындарын айтты.

Бірнеше мың адам қатысқан акцияны Әзербайжан оппозициялық партияларының басын біріктіретін демократиялық күштердің ұлттық кеңесі ұйымдастырды.

Билік рұқсат берген оппозиция шеруі Баку қаласының шетіндегі стадионда өтті.

Акция бейбіт сипатта болғанына қарамастан, оны ұйымдастырушылар оппозицияны қаралау мақсатында билік тарапынан арандату әрекеттері болды деп мәлімдеді. Азаттықтың Әзербайжан қызметінің тілшісі оппозиция жиыны кезінде бірнеше адамның «Ислам мемлекеті» радикалдық тобының қара туын көтеруге талпыныс жасағанын хабарлады. Бірақ митингті ұйымдастырушылар полицияны шара өтіп жатқан жерден әлгі адамдарды алып кетуге шақырған.

XS
SM
MD
LG