Accessibility links

Қазақстан дзю-додан 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль алды


Дзю-додан Астанада әлемдік Гран-при жарысының кезекті кезеңі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан екі алтын, екі күміс, үш қола медаль жеңіп алды.

Жақында ғана Азия ойындарында 60 килограмда алтын алған Елдос Сметов Астанадағы кездесуде төрт кездесуде де иппон әдісімен жеңіске жетті. Ол алдымен украиналық Денис Виличенконы, ресейлік өзбек Бахром Иноеатовты, ресейлік Дмитрий Куликовты таза ұтты. Ал финалда моңғолиялық Амартушвин Дашдавааны да еш қиындықсыз ұтты.

100 килограмда Максим Раков жапониялық Рю­ко Ога­ву, ресейлік Да­ви­д Би­ти­евті жеңді. Жартылай финалда ық египеттік Ра­ма­да­н Дар­ви­шті ұтты. Ал финалда Лондон олимпиадасының қола жүлдегері германиялық Ди­мит­ри Пе­тер­стен басым түсті.

90 килограмда Әсет Ахметжанов алғашқы кездесулерде венгриялық Вер Габорды, египеттік Авдел Ахер Хатемді, ресейлік Хусен Халмурзаевты ұтып финалға шыққан. Алайда шешуші белдесуде тәжікстандық Комроншах Устопирионнан ұтылып, күміс медаль алды.

66 килограмда Жансай Смағұлов израильдік Тал Фликерді, поляк Павел Загродникті жеңген. Ал жартылай финалда белоруссиялық Дзмитрий Черчаннан басым түсті. Алайда финалда жапон Юки Хашигушиден ұтылды.

Бұған қоса Асқат Телманов (60 кг), Азиз Қалқаманұлы (81 кг) және әйелдер арасында Зарина Әбдірасылова (+78 кг) қола медаль ұтты.

Қазақстан дзю-дошылары енді 16-18 қазанда Ташкентте өтетін Гран-придің кезекті кезеңіне қатысады.

XS
SM
MD
LG