Accessibility links

Газа секторына 5.4 миллиард доллар берілмек


Израиль әскери-әуе күштерінің соққысынан қираған Газа секторындағы ғимараттар. (Көрнекі сурет)

Израиль әскери-әуе күштерінің соққысынан қираған Газа секторындағы ғимараттар. (Көрнекі сурет)

Халықаралық донорлар Газа секторын қалпына келтіруге 5.4 миллиард АҚШ долларын бөлуге уәде беріп, Израиль мен Палестинаны бейбіт келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды. Бұл туралы Каирде өткен конференциядан кейін Норвегия сыртқы істер министрі Берге Бренде мәлімдеді. Каирдегі жиынның басты тақырыбы биыл шілде-тамыз айларында ХАМАС қозғалысы мен Израиль арасында болған елу күндік соғыстан қираған Газа секторын қалпына келтіруге қаржы жинауға арналды.

Халықаралық қауымдастық уәде еткен сома Палестина басшысы Махмуд Аббас сұраған төрт миллиард АҚШ долларынан біраз көп. Каирде Катар бір миллиард АҚШ долларын бөлуге даяр екенін мәлімдеді. Вашингтон 212 миллион, Еуропа Одағы 450 миллион, Біріккен Араб Әмірліктері мен Кувейттің әрқайсысы 200 миллион АҚШ долларынан бөлуге уәде етті.

Бұған дейін Израиль мен Палестина арасында бітім жасатуға қол жеткізе алмаған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри зорлық-зомбылықты тоқтату үшін екі жақты келіссөздерді жалғастыруға шақырды.

XS
SM
MD
LG