Accessibility links

Босниядағы сайлауда ұлтшылдар алда келеді


Босниядағы дауыс беру. Сребреница, 12 қазан 2014 жыл.
Босниядағы дауыс беру. Сребреница, 12 қазан 2014 жыл.

Боснияда 12 қазанда өткен президиумнің үш мүшесін сайлаудың алдын-ала қорытындысы бойынша, ұлтшылдар, босниялық мұсылмандардың атынан түскен Бакир Изетбегович, хорваттар атынан түскен Драган Кович және сербтердің өкілі Зелжка Свиянович алда тұр.

Сайлау кампаниясы кезінде Изетбегович Боснияның біртұтас күшті мемлекет болуын, Кович Босния ішінде хорват автономиясын құруды, Свиянович елдің бөлінуін жақтаған.

Алдын-ала мәліметтер берілген дауыстардың 76.5 пайызы саналған кездегі нәтижеге сүйеніп жасалған.

Босния президиумы - сербтер, хорваттар мен босниялық мұсылмандардың өкілдерінің мүддесін қорғайтын үш адамнан тұратын жоғарғы билік органы.

XS
SM
MD
LG