Accessibility links

Гонконгте полиция баррикадаларды бұзуға кірісті


Гонконгтің орталық ауданында көшеде түнеп жатқан шерушілер. 7 қазан 2014 жыл.
Гонконгтің орталық ауданында көшеде түнеп жатқан шерушілер. 7 қазан 2014 жыл.

Гонконг полициясы 13 қазанда осыдан екі апта бұрын әкімшілік аймақтың бірнеше бөлігінде демократиялық нормалардың сақталуын талап еткен шерушілер құрған баррикадаларды бұза бастады.

Қаланың шерушілер көп жиналған орталық бөлігі - Гонконг әкімшілігінің басқару ғимараттары орналасқан ауданда наразы студенттер полициямен қақтығысып қалды.

Қыркүйектің соңында басталған шеруге қатысушылар биліктен 2017 жылы Гонконгте аймақ басшысын еркін және тікелей сайлау жолы арқылы тұрғындардың өздері таңдап алуына шектеу қоймауды талап етеді. Қолданыстағы қазіргі жүйе бойынша Гонконг басшысын Пекинге бағынышты сайлаушылар алқасы тағайындайды.

XS
SM
MD
LG