Accessibility links

Прагада "Форум-2000" жиыны басталды


ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский.
ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский.

Чехия астанасы Прагада 12 қазанда жыл сайынғы "Форум-2000" конференциясы ашылды. Биылғы форум тақырыбы - "Демократия мен наразылық - "темір құрсау" мен Тяньаньмэнь алаңынан кейінгі ширек ғасыр" деп аталады.

Форумға қатысушылардың арасында ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы Михал Ходорковский де бар. Форумның ашылуында сөйлеген Ходорковский Ресейдегі "саяси режимнің тоқырауға ұшырауы күрт күшейген тұстағы" демократиялық қозғалыстың тактикасы мен стратегиясын сөз етті.

Ходорковский сөзінде "Ресейде елде демократиялық өзгерістер жасалуына мүдделі тап барын" мәлімдеді. Бірақ оның пікірінше, бұл тап "терең саяси ұйқыда" жатыр. Ходорковский бұған қатысты "бұл тапты белсенді саяси өмірге араластырып, оның өз саяси мүдделерін ұғынуына көмектесу - стратегиялық мақсат" екенін айтты.

ЮКОС-тың бұрынғы басшысы екі аптадан кейін Ослода Ресейдегі саяси репрессия және ресейлік саяси тұтқындар тақырыбында сөйлейтінін хабарлады.

"Форум-2000" жұмысын 15 қазанда аяқтайды. Чехия президенті Вацлав Гавел құрған "Форум-2000" конференциясы алғаш рет 1997 жылы өткен.

XS
SM
MD
LG