Accessibility links

Түркия базаларын ИМ-іне қарсы пайдалануға келісті


Сирияның Түркиямен шекарасындағы "Ислам мемлекетінің" содырлары мен күрд жасақтары шайқасып жатқан Кобани қаласы. 10 қазан 2014 жыл.
Сирияның Түркиямен шекарасындағы "Ислам мемлекетінің" содырлары мен күрд жасақтары шайқасып жатқан Кобани қаласы. 10 қазан 2014 жыл.

Түркия өз әуе базаларын радикалдық «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы соққы жасауы үшін АҚШ бастаған коалицияға ұшақтарына пайдалануға беруге келісті. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьязан Райс хабарлады.

Пайдалануға берілген базалардың арасында Түркияның оңтүстігіндегі Инджирлик әскери әуе базасы да бар. Сьюзан Райс Анкараның «Ислам мемлекетіне» қарсы кампанияға әуе базаларын пайдалануға беруге келіскенін құптады.

АҚШ соңғы айларда Ирак пен Сирияның біраз бөлігін басып алған «Ислам мемлекеті» тобына қарсы әуе шабуылдарын жүргізіп жатыр. Бірақ Түркияның Сирия және Иракпен ортақ шекарасы болғанымен, әзірге бұл аймақтарда ешқандай операцияларға араласпай отырған.

АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында Райс Түркияның әуе базалары мен территориясын АҚШ-тың «Сирияның қалыпты оппозициялық күштерін жаттықтыруы және Ирак пен Сирияда әрекет етуі үшін» пайдалануға бергенін айтқан.

«Ислам мемлекеті» тобы Сирияның Түркиямен шекарасына жақын тұстағы күрдтер басым тұратын Кобани қаласын қыркүйектің ортасынан бастап қоршауға алып, соңғы күндері қаланың біраз жеріне басып кірген. Содырлар қазір мұнда күрд жасақтарымен шайқасып жатыр.

XS
SM
MD
LG