Accessibility links

Зарина Дияс WTA рейтингінде 34-орынға шықты


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық 20 жасар теннисші Зарина Дияс WTA (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) рейтингінде 37-орыннан 34-орынға көтерілді.

Ол өткен аптада Жапония ашық чемпионатының финалына шығып, австралиялық Саманта Стосурдан ұтылған еді. Бірақ, бұл жарыстың финалына шыққаны үшін 180 ұпай алған Зарина Диястың еншісінде қазір 1440 ұпай бар. Бұл Зарина Диястың 2015 жылдың қаңтар айында өтетін Австралия ашық чемпионатына бірден қатысуына мүмкіндік береді.

Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова 67-орыннан 68-орынға сырғыды. Ал Юлия Путинцева 12 саты жоғарылап, 110-орынға көтерілді.

WTA-ның келесі рейтингі 20-қазанда жарияланады.

XS
SM
MD
LG