Accessibility links

Тәжікстанда веб-сайттар мен SMS қызметі қайта қосылды


Душанбедегі қала күні мерекесі. 12 қазан 2014 жыл.

Душанбедегі қала күні мерекесі. 12 қазан 2014 жыл.

Тәжікстанда 5 қазанда ашылмай қалған веб-сайттардың көпшілігі қайтадан жұмыс істей бастады. Қазір ел аумағынан Facebook, Wikipedia және ресейлік танымал әлеуметтік медиа сайттары еркін ашылып тұр.

Өткен аптада Тәжікстандағы мобильдік операторларда істемей қалған SMS хабарлама тарату қызметі қайтадан іске қосылған.

Қуғындағы оппозиция жетекшісі, бизнесмен Умарали Кубатовтың «Group 24» тобы әлеуметтік желілер арқылы жұртты 10 қазанда Душанбеде үкіметке қарсы шеруге шығуға шақырғаннан соң Тәжікстанда жүздеген сайт ашылмай қойған еді.

Бірақ 10 қазан күні Тәжікстанда наразылық акциясы өткен жоқ.

Одан бір күн бұрын Тәжікстан жоғарғы соты «Group 24» тобын «экстремистік ұйым» деп танып, келесі күні бас прокуратурадағылар аталған топ қатарынан өз еріктерімен шыққандар жауапкершіліктен босатылатыны туралы мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG