Accessibility links

ДХР-дың бұрынғы басшысына қастандық жасалды


Өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" бұрынғы жетекшісі Павел Губарев.
Өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" бұрынғы жетекшісі Павел Губарев.

Украинаның шығысында сепаратистердің өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» (ДХР) бұрынғы «халық губернаторы» Павел Губарев қастандықтан ауыр жараланып ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады.

«Интерфакс» агенттігіне сепаратистер құрған, қазір Губарев басқаратын «Новороссия» қозғалысы өкілдерінің айтуынша, Губарев көлігіне қарата оқ атылып, ағаш бағанаға соғылған. Жараланған ол қазір Дондағы Ростов қаласының ауруханасында жатыр.

«Алдын-ала мәліметтер бойынша, оқиға «Донецк халық республикасының» бақылауындағы территорияда болған» деген «Новороссия» өкілі.

Павел Губаревтің өкіліне сілтеме жасаған РБК агенттігі белгісіз біреулердің Дондағы Ростов - Донецк тас жолында оның көлігін атқылағаны жайлы хабарлады. 12 қазанда Губарев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында 13 қазанда маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.

Губаревке осымен бірінші рет қастандық жасалып отырмағанын еске салған оның өкілі «2 маусымда бұрынғы Донецк облыстық әкімшілігіндегі оның кабинетін гранатометтен атқылаған. Шабуылдағандар кабинеттің терезесін көздегенімен, мүлт кеткен» дейді.

XS
SM
MD
LG