Accessibility links

Еуро-2016: Қазақстан футболшылары Чехиядан жеңілді


Футболдан Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясында Чехия құрамасынан 2:4 есебімен ұтылды.

Астанада өткен матчтың Чехия құрамасының сапынан 13 минутында Борек Дочкал есеп ашса, 44 минутта Давид Лафата, 56 минутта Ладислав Крейчи бір-бір гол салды. Ал матчтың 83 минутында Қазақстан құрамасының сапынан Юрий Логвиненко доп соқты. 88 минутта Чехия құрамасының сапынан Томаш Нецид Қазақстан қақпасына тағы бір гол салды. Ал 90 минутта қазақстандық Юрий Логвиненко және бір гол салып, есепті қысқартты. Матч 4:2 есебімен Чехияның пайдасына аяқталды.

Қазақстан осыған дейін Латвиямен тең түсіп (0:0), Голландиядан (1:3) ұтылған.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 16-қарашада сырт алаңда Түркиямен ойнайды. Одан кейін 2015 жылы 28-наурызда Астанада Исландияны қабылдайды.

Іріктеу жарысы 2015 жылы 13-қазанда аяқталады. Әр топта үздік шыққан құрама 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алады. Еуро-2016 турниріне барлығы 24 ел қатысады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG