Accessibility links

Бакуде Макаревич концерті өтпейтін болды


Бакудегі Андрей Макаревичтің концертін жарнамалаған постер.

Бакудегі Андрей Макаревичтің концертін жарнамалаған постер.

Әзербайжан астанасы Бакуде ресейлік рок-музыкант Андрей Макаревичтің «Машина времени» тобының 31 қазанға жоспарланған концерті өтпейтін болды.

Соңғы апталарда Ресейдің бірнеше қаласында танымал топтың концерттері өткізілмей қалған.

Макаревич бұған дейін Украинада сепаратистермен ұрыс жүргізілген елдің шығысынан шыққан босқындарға арнап концерт қойғаннан кейін ресейлік бірқатар өнер өкілдері оны «сатқын» деп атай бастаған.

Макаревич Twitter-дегі парақшасында Баку билігі «Украинаны қолдаған концерттен қашқақтап» отырғанын жазды.

XS
SM
MD
LG