Accessibility links

ИМ Иракта әскери лагерді басып алды


"Ислам мемлекеті" ұйымының туын ұстаған адам. Ирак, тамыз 2014 жыл.
"Ислам мемлекеті" ұйымының туын ұстаған адам. Ирак, тамыз 2014 жыл.

Ирак билігінің өкілдері радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары елдің батысындағы Анбар провинциясында әскери лагерді басып алып, Сирияның Түркиямен шекарасындағы Кобани қаласында позицияларын күшейте түскенін хабарлады.

Ирак әскерилерінің айтуынша, содырлар лагердегі бронды техника мен танктерді тонап, лагерге өрт қойып, Ирак әскерін оны тастап шығуға мәжбүр еткен.

Лагер "Ислам мемлекеті" содырлары осы айдың басында басып алған Хит қаласына жақын орналасқан. Содырлар Хит қаласын басып алған соң Анбар провинциясына дендей ене бастаған. Сарапшылар содырлар Анбарды басып алса, онда "Ислам мемлекетінің" Бағдадқа шабуыл жасау үшін қажетті транспорттық дәліз құруына мүмкіндік туады дейді.

БҰҰ-ның мәліметінше, Хит қаласы маңындағы ұрыстардан 180 мыңнан астам адам үй-күйсіз қалған.

XS
SM
MD
LG