Accessibility links

Назарбаев Миландағы саммитке қатысады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа комиссиясы мүшелерімен кездесуінен кейін баспасөз мәслихатында тұр. Брюссель, 9 қазан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа комиссиясы мүшелерімен кездесуінен кейін баспасөз мәслихатында тұр. Брюссель, 9 қазан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада Италияға сапармен барады деп хабарлады бүгін президенттің баспасөз қызметі.

Ақорда сайтындағы ақпаратта президент Назарбаев 16-17 қазан күндері Милан қаласында өтетін «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитіне қатысып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізетіні айтылған.

Миландағы форум жұмысына елуге тарта мемлекет және үкімет басшылары, солардың арасында Германия канцлері, Италия мен Ұлыбритания премьер-министрлері, Еуропа Одағының лидерлері қатыспақшы. Форум аясында Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының қатысуымен келіссөздер өткізу жоспарланып отырғаны бұған дейін хабарланған.

Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасынан «Азия-Еуропа» форумының мүшесі мәртебесіне ие болған бірегей ел болып саналады.

XS
SM
MD
LG