Accessibility links

Литва жедел әрекет ету күштерін құрмақ


Литва туының жанында тұрған сарбаз. (Көрнекі сурет)
Литва туының жанында тұрған сарбаз. (Көрнекі сурет)

Литва Украинадағы дағдарыстан соң төтеннен келетін "жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін" жедел әрекет ету күштерін құруға кірісті.

Литваның құрлықтағы әскерінің қолбасшысы, генерал Йонас Витаустастың айтуынша, 2 мың 500 сарбаз Украинаның шығысындағы және Қырымдағыдай "айырым белгілері жоқ қарулы топтар мен құрамалар жариялайтын ерекше соғыс қимылдарына" жауап беруге дайын тұрады. "Біз бейбіт кезеңде күтпеген уақытта тап келетін әскери операцияларға дайындықты күшейтуіміз керек" дейді ол.

Йонас Витаустас жаңа қауіп-қатерлерге "этникалық азшылық топтарды манипуляциялау, арандату, белгісіз қарулы топтардың шабуылын, шекараны заңсыз кесіп өтуді" жатқызады. Жедел әрекет ету күштері 1 қарашадан бастап ерекше дайындық жағдайында тұратын болады.

Киев пен НАТО Ресейді наурыз айында Украинадан Қырымды аннексиялағанда және Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қолдау көрсеткенде жоғарыдағыдай әдістерді қолданды деп айыптайды.

Ресей Шығыс Украинадағы қақтығыстарға қатысы барын жоққа шығарады.

Литва - Балтық теңізінің бойында орналасқан, НАТО-ға мүше постсоветтік мемлекет.

XS
SM
MD
LG