Accessibility links

Ресей Қырымда халық санағын бастады


Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымның картасы. (Көрнекі сурет)

Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымның картасы. (Көрнекі сурет)

Ресей билігі бүгін, 14 қазанда Қырымда халық санағын бастады. Ресей наурыз айында түбекті Украинадан аннексиялап алғаннан бері бірінші рет халық санағын өткізіп отыр. Санақ 25 қазанда аяқталады.

Қырымның статистика қызметінің өкілі Елена Твировичтің айтуынша, санақта тұрғындарға толтыруға 33 сұрақтан тұратын парақша беріледі. Онда тұрғындардың мекен-жайы, тұратын үйі, отбасылық жағдайы, табысы, этникалық тегіне қатысты сұрақтар бар.

Қырымда 2001 жылы жүргізілген санақ бойынша, түбекте 2.34 миллион адам тұрған. Олардың 60 пайыздан көбі өздерін орыс, 24 пайызы – украин, 12.4 пайызы – Қырым татарлары деп атаған.

Ресейдің өзінде халық санағы 2010 жылы жүргізілген.

XS
SM
MD
LG