Accessibility links

Азаттық компаниясының жаңа тележобасы шықты


"Осы шақ" хабарының ашылу көрінісі
"Осы шақ" хабарының ашылу көрінісі

Бүгін Азат Еуропа/Азаттық Радиосы мен Америка дауысы компаниялары "Осы шақ" атты жаңа орыс тіліндегі телехабарын шығара бастады. Бұл хабар ресейлік БАҚ тарататын дезинформация өтінде қалған Ресеймен шекаралас елдерге байыпты балама ақпарат ұсынады.

"Осы шақ" - Азат Еуропа/Азаттық Радиосы мен Америка дауысы компанияларының Грузия, Эстония, Латвия, Литва, Молдавия мен Украинадағы қоғамдық және тәуелсіз телеарналармен бірлесе жасап отыратын өнімі. Жарты сағаттық хабар тікелей эфирде жаңалық, сұхбаттар, репортаждар мен саяси сатира үлгілерін көрсетеді. Жобаға компаниялардың аймақтар мен еуропалық астаналардағы тілшілері, Прага мен Вашингтондағы редакциялары қатысады. Телехабарда ресейлік мемлекеттік БАҚ қамтымайтын оқиғалар туралы шынайы ақпарат ұсынылады.

Азаттықтың "Осы шақ" телехабары
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:30 0:00

Азат Еуропа/Азаттық Радиосы мен Америка дауысының жұмысын үйлестіруші АҚШ-тың хабар тарату ісі бойынша басқарушы кеңесінің (BBG) төрағасы Джефф Шелл: "Бұл жоба арқылы халықаралық және америкалық БАҚ Украина мен бұрынғы Совет Одағының басқа аймақтарындағы агрессия мен зорлықтың шоғын үрлеуші арсыз және қисынсыз медиа кампанияға қарсылығын күшейтеді. Жоба бейтарап, нақты ақпарат, өтірік емес, факт таратады" деді.

"Осы шақ" - америкалық халықаралық БАҚ-тардың Ресей мен оған көршілес елдерге тарап жатқан ресми үгіт-насихатқа қарсы шығарған жобасы. Телеаудиториядан бөлек хабар YouTube, ақпараттық интернет сайттары мен әлеуметтік желілерде тарайды. 2015 жылы бағдарламаны кеңейтіп, спутниктік және онлайн таратылымға шығару жоспарланған.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосы – жекеменшік, тәуелсіз, халықаралық БАҚ. Оның бағдарламалары радиода, интернетте, телевидение мен мобильдік құрылғыларда 21 елдегі аудиторияға тарайды. Олардың ішінде Ресей, Украина, Иран, Ирак, Ауғанстан, Қазақстан бастаған Орталық Азия және Кавказ елдері бар. Азат Еуропа/Азаттық Радиосын АҚШ-тың хабар тарату ісі бойынша басқарушы кеңесі арқылы АҚШ Конгресі қаржыландырады.

XS
SM
MD
LG