Accessibility links

Коалиция күштері Кобаниді 21 рет бомбалады


Кобани қаласының коалиция күштері бомбалағаннан кейінгі көрінісі. Сирия, 14 қазан 2014 жыл.
Кобани қаласының коалиция күштері бомбалағаннан кейінгі көрінісі. Сирия, 14 қазан 2014 жыл.

АҚШ бастаған халықаралық қоалиция күштері Сирияның Түркиямен шекарасындағы радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары қоршауға алған Кобани қаласына 21 рет әуеден соққы берді. Сирияда коалиция күштері бұған дейін бір күнде мұншалықты көп әуе соққысын жасамаған.

Америкалық әскери қолбасшылықтың мәлімдеуінше, бомбалау содырлардың шабуылын бәсеңдеткенімен, жағдай өте күрделі күйінде қалып отыр. Экстремистер Кобанидің үштен бірін бақылауда ұстап тұр. Солтүстік жағынан Түркиямен шектесетін қаланы содырлар оңтүстігі, шығысы мен батысынан қоршауға алған.

Ирактың Күрдістан автономиялық ауданының билігі Кобаниді қорғап тұрған күрд жасақтарына әскери көмек жөнелтілгенін хабарлады. Бірақ күрд жасақтары қару-жарақ пен оқ-дәріні әлі алмағанын айтады.

Сириядағы күрд қолбасшылығының өкілдері әскери жүк Түркиямен шекарада тұрғанын, Түркия билігі транзиттік дәлізді ашпағанын айтады.

XS
SM
MD
LG