Accessibility links

АҚШ Украинадағы сепаратистер референдумын мойындамайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп тұр. Париж, 14 қазан 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп тұр. Париж, 14 қазан 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украинаның шығысындағы сепаратистердің келесі айда өткізуді жоспарлап отырған референдумын АҚШ пен халықаралық қауымдастықтың мойындамайтынын мәлімдеді.

Парижде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізгеннен кейін сөйлеген Керри Вашингтон Украина территориясынан ресейлік әскерилердің әкетілгенінен хабардар екенін, бірақ ауыр әскери техника әлі де қалып қойғанын айтты. Мәскеу Украинада әскері мен қару-жарағы барын жоққа шығарады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы көтерілісшілерді Донецк әуежайын қоршаудан босатуға, әскери тұтқындарды босатып, Украина-Ресей шекарасында Украинаның егемендігін қалпына келтіруге шақырды.

Өткен айда Минскіде жасалған келісім нәтижесінде Украинаның шығысында жүріп жатқан соғыс қимылдарының көпшілігі тоқтатылған. Ондағы бес айға созылған қақтығыстардан 3 мың 600-ге тарта адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG