Accessibility links

Украинада ұлтшылдар маршы өтті


Украинада ұлтшылдар өткізген "Қаһармандар маршы". Киев, 14 қазан 2014 жыл.

Украинада ұлтшылдар өткізген "Қаһармандар маршы". Киев, 14 қазан 2014 жыл.

Киевте, Харьков пен Одессада 14 қазанда екінші дүниежүзілік соғыс пен одан кейінгі кезеңде де әрекет еткен ұлтшыл Украина көтерілісшілер армиясының (УКА) құрылғанына 72 жыл толуына арналған марштар болып өтті.

УНИАН агенттігінің хабарлауынша, Киевте "Қаһармандар маршында" ешқандай оқыс оқиға болған жоқ. Маршқа шамамен 5 мыңға жуық адам - "Оңшыл сектор" қозғалысының мүшелері мен жақтастары, "Азов" еріктілер батальонының сарбаздары мен басқа да ұлтшыл ұйымдардың өкілдері қатысты.

Харьковтегі маршта да бес мыңға таяу адам болды. Одессада акцияға шамамен 150-дей адам қатысты.

14 қазан күні сәл ертерек Украина парламенті - Жоғарғы Рада маңында ұлтшылдар мен милиция қақтығысқан. Ондаған, соның ішінде 15 милиционер зардап шеккен. Ресми ақпарат бойынша, 40-тай адам қамалған. БАҚ-тың хабарлауынша, басына маска киген белгісіз 200-дей адам парламентті залалсыз граната, түтіндеткіш құтылар лақтырып басып алмақ болған. Бұл оқиға бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Украина президенті Петр Порошенко парламентке шабуылды арандатушылық және елде "екінші майдан ашу" әрекеті" деп атады.

Украина қауіпсіздік қызметі басшысының кеңесшісі Мариян Лубкивский "5 канал" теларнасының эфирінен арнайы қызмет Украинаның барлық аймағында осындай жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырудың алдын алғанын мәлімдеді.

"Оңшыл сектор" мен ұлтшыл "Свобода" партиясы Киевтегі қақтығыстарға қатысы жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG