Accessibility links

ДСҰ: Эболадан 4447 адам қайтыс болған


Қауіпті Эбола вирусының микроскоппен қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет)

Қауіпті Эбола вирусының микроскоппен қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет)

Батыс Африкадан таралған Эбола вирусынан көз жұмғандар саны 4 мың 447 адамға жетті деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДСҰ) ұйымы.

ДСҰ бас директорының көмекшісі Брюс Эйлворд егер індетке қарсы шаралар қолға алынбаса алдағы екі айда аптасына жаңадан 10 мыңға дейін адам вирус жұқтыруы мүмкін деп ескертеді. Бірақ ол кейбір аймақтарда вирусты жұқтыру көрсеткіштері біршама төмендегенін де айтты.

Вирустан негізінен Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинея елдері қатты зардап шегіп отыр. Бұл елдерде вирусты жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандардың жалпы саны 8 мың 914 адамға жеткен. ДСҰ бұл сан апта соңына дейін 9 мыңнан асып кетуі мүмкін деген болжам жасап отыр.

XS
SM
MD
LG