Accessibility links

Гонконгте полиция мен шерушілер қақтығысты


Гонконгтегі наразылық шеруіне қатысушылар. 14 қазан 2014 жыл.
Гонконгтегі наразылық шеруіне қатысушылар. 14 қазан 2014 жыл.

Бүгін Гонконгте полиция мен демонстранттар қақтығысты. Наразылық шеруі жалғасып жатқан екі аптадан аса уақыт ішіндегі қиян-кескі қақтығыс барысында ондаған адам тұтқындалған.

Жүздеген полиция қызметкерлері Гонконг әкімшілігі ғимаратына тақау орталық көшеде қайтадан бой көтерген баррикадаларды қорғап тұрған шерушілермен қақтығысқан. Көшені босату туралы биліктің бұйрығына бағынбаған шерушілерге полиция көзден жас ағызатын газ шашқан. Наразыларға күш қолданған полиция бұдан бір күн бұрын шерушілер орналасқан көлік жолын қайтадан бақылауына алып, шерушілер асығыс құрған баррикадаларды бұзған.

Екі жақтан да бірнеше адам жарақат алған. Нақты қанша адамның ұсталғаны белгісіз. Негізінен студенттер мен Occupy Central деп аталатын ұйымға қатысушылардан тұратын наразылар биліктен 2017 жылға белгіленген жергілікті әкімшілік басшысын сайлаудың еркін болғанын талап етеді. Ресми Пекин болса жергілікті сайлауға кандидаттарды орталық билік өзі іріктегені дұрыс деп санайды.

XS
SM
MD
LG