Accessibility links

Порошенко мен Путин телефонмен сөйлесті


Украина президенті Пётр Порошенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.
Украина президенті Пётр Порошенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.

Украина президенті Пётр Порошенко мен Ресей президенті Владимир Путин телефонмен сөйлесіп, Украинаның шығысында бейбітшілікті қалпына келтіру үшін атқаруға болатын шаралар жайын талқылағаны жайлы ақпарат дүйсенбі күні кешкісін Кремльдің ресми сайтында жарияланды. Онда телефон байланысы Киевтің бастамасы бойынша өткізілгені айтылған.

Екі президент осы аптада Италияның Милан қаласында өткелі отырған саммитте ресей газына қатысты проблемаларды талқылауға келіскен.

Маусым айында ресейлік «Газпром» компаниясы Киевтің Мәскеуге қарызын алға тартып Украинаға газ жіберуді кеміткен еді.

Еуропа елдері өздеріне қажет газ мөлшерінің үштен бір бөлігін Ресейден алады. Ресейдің Еуропаға жөнелтетін газ көлемінің жартысы Украина территориясы арқылы тасымалданады.

XS
SM
MD
LG