Accessibility links

Ресей рублі тағы арзандады


Мәскеудегі валюта айырбастау орындарының бірі. 13 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәскеудегі валюта айырбастау орындарының бірі. 13 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін таңертең Мәскеу қор биржасында АҚШ долларының құны 1998 жылдан бері бірінші рет 41 рубльден асты.

Өткен аптада доллардың құны алғаш рет 40 рубльден асқан еді. Ресей орталық банкісінің басшысы Эльвира Набиулина өткен аптада рубль бағамын тұрақтандыру үшін алты миллиард АҚШ доллары сатылғанын айтады.

Сарапшылар рубль бағамының төмендеуін әлемде мұнай бағасының арзандауымен және сыртқы саяси жағдаймен, әсіресе Қырымды аннексиялап алуы және Украинадағы қақтығыстарға араласуына байланысты Ресейге батыс елдері салған санкциялармен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG