Accessibility links

Путин баспасөзді шектейтін тағы бір заңға қол қойды


Ресейде шығатын "Ведомости" газеті. (Көрнекі сурет)

Ресейде шығатын "Ведомости" газеті. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік ақпарат құралдарына шетелдіктердің иелік етуін шектейтін заңға қол қойды.

Жаңа заң бойынша, қос азаматтығы бар ресейліктер мен шетелдіктер Ресейдегі ақпарат құралдары акцияларының ең көп дегенде 20 пайызына ғана иелік ете алады. Заң Ресей ақпарат құралдарының 20 пайызынан көп акциясына ие шетелдіктерге 2017 жылдың ақпанына дейін акцияларын азайтуды міндеттейді.

Заң жобасын ұсынған авторлардың бірі, мемлекеттік дума депутаты Вадим Денгин өткен айда заң Ресейде жұмыс істейтін 30-ға жуық медиа брендке, оның ішінде «Ведомости», «Коммерсант» басылымдары, «Forbes» журналының орыс тіліндегі нұсқасына әсер ететінін айтқан.

Кейбір инвесторлар заңды Кремльдің соңғы уақытта елдегі баспасөз еркіндігіне шектеу қою әрекеттерінің бірі деп сынайды.

XS
SM
MD
LG