Accessibility links

Сауд Арабиясы шиит қайраткерін өлім жазасына кесті


Шиит діни қайраткері Нимр Бакир әл-Нимрдің тұтқынға алынуына наразылық білдіргендер оның суретін ұстап тұр. Катиф қаласы, 8 шілде 2012 жыл.

Шиит діни қайраткері Нимр Бакир әл-Нимрдің тұтқынға алынуына наразылық білдіргендер оның суретін ұстап тұр. Катиф қаласы, 8 шілде 2012 жыл.

Сауд Арабиясынан жеткен соңғы ақпараттар бойынша, осы елде сот танымал шиит діни қайраткері, шейх Нимр Бакир әл-Нимрді «үкіметке қарсы наразылық акцияларын қолдағаны» үшін өлім жазасына кескен.

Шейхтің өлім жазасына кесілгені туралы оның туысы Twitter арқылы хабарлады. Сот үкімі шейхті қолдайтын шииттер көп тұратын елдің шығысында және Бахрейнде наразылықтарға ұласуы мүмкін деген қауіп айтылып отыр.

Халқының басым бөлігін сүнниттер құрайтын Сауд Арабиясы билігі әл-Нимрді 2011 жылы шииттердің наразылық акцияларын қолдағаны үшін «қоғамдық наразылыққа арандатты» және «мемлекеттің біртұтастығына қауіп төндірді» деп айыптаған.

Прокурор соттан әл-Нимрдің басын алып, денесін көпшілікке көрсетуді талап еткен.

XS
SM
MD
LG