Accessibility links

Назарбаев Италияға жұмыс сапарымен барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италияның Милан қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ақпарат бүгін президенттің ресми сайтында жарияланды.

Назарбаев Миланда «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитіне қатысып, іс-шара аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

«Экономикалық өсім мен қауіпсіздіктегі жауапты серіктестік» деген тақырыппен өтетін Миландағы саммитке Еуропа мен Азия елдерінің басшылары, Еуропа Одағының жетекшілері және Ресей президенті Владимир Путин, Украина президенті Петр Порошенко қатысады.

Форум аясында екіжақты кездесулер де жоспарланған.

Саммит қарсаңында Германия канцлері Ангела Меркель Миланда Путинмен кездесіп, Украинаға қатысты мәселелерді талқылайтынын айтқан еді. Сонымен бірге саммит барысында Порошенко мен Путин келіссөздер жүргізбек.

XS
SM
MD
LG