Accessibility links

Путин: ЕО-да газ дағдарысы болуы мүмкін


Ресей президенті Владимир Путин Белградта баспасөз жиынында сөйлеп тұр. 16 қазан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Белградта баспасөз жиынында сөйлеп тұр. 16 қазан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің сөзіне қарағанда, қыста Еуропаға Ресей газын тасымалдауға "ірі транзиттік қауіп" төніп тұр.

Белградта өткен баспасөз жиынында Путин "егер Украина Еуропа Одағына (ЕО) тартылған газ құбырынан рұқсатсыз газ ала беретін болса, Ресей газ тасымалдауды ұрланған газ көлеміне тең мөлшерде азайтатынын" мәлімдеді.

Бүгін, 17 қазан күні Миланда Еуропа Одағы өкілдері мен Украина президенті Петр Порошенконың қатысуымен келіссөздер өтеді.

Мәскеу биыл ақпан айында, Украинаның ресейшіл президенті Виктор Янукович биліктен шеттетілген соң, Украинаға сататын газ бағасын қымбаттатқан. Кейін, маусым айында Ресей Украина қымбат бағамен газ сатып ала алмайтын болғандықтан, экспортты тоқтатқан.

Украина мен Ресей арасында газға қатысты дағдарыс 2006 жылдан бері осымен үшінші рет болып отыр. ЕО газдың үштен бірін Ресейден алады.

XS
SM
MD
LG