Accessibility links

Алматы: мүгедектер құқығы туралы жиын басталды


1Бүгін Алматыда "Алатау" емдеу-сауықтыру кешенінде мүгедектердің құқықтары жөнінде халықаралық конференция басталды1 деп хабарлайды денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Конференцияға Германияның Қазақстандағы елшілігі, Германия, Молдова, Беларусь, Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Украина, Әзербайжан және Ресейдің мүгедектер ұйымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Жиында "БҰҰ-ның "Мүгедектердің құқықтары туралы" конвенциясы ережелерін қолданысқа енгізу және оған мониторинг жасау" мәселелері, ТМД елдеріндегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіби қатынастар мен еңбекпен қамтылу мүмкіндіктері талқыланады.

Конференция 19 қазанға дейін созылады.

XS
SM
MD
LG